Біз қайда жұмыс істейміз

Орталық Азияда құқық үстемдігін орнату бағдарламасы (2020 - 2023*) – Еуропа Одағының, Еуропа Кеңесінің және Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) билік органдарының арасындағы серіктестікке негізделген ынтымақтасу бастамасы.

Бағдарлама Орталық Азия елдерінде адам құқықтарын, құқық үстемдігін және демократияны еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес, реформалау процесінде, сұранысқа негізделген, көмек көрсетуге бағытталған.

  1. Еуропа мен Орталық Азия арасында ортақ құқықтық кеңістік құруға жәрдемдесу және адам құқықтарын қорғауды күшейту;
  2. Ашықтық және экономикалық қылмысқа қарсы күреске ықпалдасу;
  3. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік басқару органдарының тиімді жұмыс істеуіне ықпалдасу.

Бағдарламаның іс-шаралары құқық қорғау тәсіліне негізделеді және кемсітушілікке жол бермеу, гендерлік түйінді мәселелерді есепке алу сияқты мәселелерді ескереді және іс-шаралардың сипатына қарай оларды жүзеге асыруға азаматтық қоғамның қатысуын қамтамасыз етеді.

Осы Бағдарлама ЕО мен Еуропа Кеңесі арасындағы ұзаққа созылған ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады және Еуропа Кеңесінің көршілес аймақтарға қатысты саясатына және Орталық Азия бойынша ЕО стратегиясына сәйкес келеді.

 


* Бағдарлама 2024 жылдың маусым айына дейін ұзартылды.