Еуропа Кеңесі 1990-шы жылдардың соңынан бастап Орталық Азияның жекелеген елдерімен бірлесіп жұмыс істеді. Бұл ынтымақтастық 2011 жылы Еуропа Кеңесі әзірлеген көршілес аудандарға қатысты саясатты жүзеге асырудың арқасында нығая түсті. Осы Бағдарламаның ерекшелігі - оның барлық Іс-шараларында ұлттық деңгейдегі ынтымақтастықпен толықтырылатын аймақтық ерекшеліктер қамтылады. Мұндай тәсілдеме аймақтық ортақ проблемаларды үйлестіре отырып нәтижелі түрде шешуге және сонымен қатар Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің жергілікті мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес Еуропа Кеңесінің қатысуын реттеп отыруға мүмкіндік береді.