Соңғы жылдары Қырғызстан Еуропа Кеңесімен «2015-2019 жж. көршілестік саясаты аясындағы Еуропа Кеңесі мен Қырғыз Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың басымдықтары» негізінде кең ауқымды мәселелер бойынша белсенді ынтымақтасты. Осы құжаттың аясында «Сайлау реформасы арқылы демократияны нығайтуды қолдау», «Қырғыз Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылды күшейту», «Көшбасылардың жаңа буындарын дайындау: Саяси зерттеулер мектебі» атты үш жоба жүзеге асырылды.

2019 жылғы желтоқсанда Басымдықтар бағдарламасы аяқталғандықтан, Еуропа Кеңесі мен Қырғызстанның билік органдары қазір әрі қарай ынтымақтасу бойынша стратегияны талқылауда. Сонымен қатар, Орталық Азияда құқық үстемдігін орнату бағдарламасы Еуропа Кеңесі мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі құралы болып табылады.

Бұл ел сондай-ақ Еуропа Одағының/Еуропа Кеңесінің «Латын Америкасы, Орталық Азия және Моңғолия елдерінде сайлау туралы заңнама мен іс-тәжірибені қайта құруды және адам құқықтары бойынша аймақтық құжаттар мен тетіктерді қолдау» атты бірлескен бағдарламасына қатысады.

Жаңалықтар
Back

Error