Ашықтық және экономикалық қылмысқа қарсы күреске ықпалдасу

Соңғы жылдары Орталық Азия елдері аймақтағы бизнестің күйін жақсарту және баршаның игілігіне тұрақты экономикалық дамуға жәрдемдесу мақсатында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған реформаларды жүргізуде. Осы істің мақсаты бүкіл аймақта кәсіпкерлік қызметке арналған жағдайларды жақсартуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелердің сапасын арттыруға ықпалдасу болып табылады. Іс-шара екі құрамдастан тұрады: 1) Бизнестің тұтастығы және заңнамаға сәйкестігі; 2) Сыбайлас жемқорлыққа, ақшаның ізін жасыруға және активтерді қайтаруға қарсы күрес және активтерді қайтару жүйелері.

БИЗНЕСТІҢ ТҰТАСТЫҒЫ ЖӘНЕ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕСТІГІ

Бизнестің көлегейсіздігін, тұтастығын күшейту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Орталық Азия аймағы елдерінің басымдықтарының бірі болып табылады. Қазіргі Іс-қимыл жоспарының шеңберінде кәсіпорындардың тым жоғары баға белгілеуіне және бопсалауына қарсы күресетін тетіктерді қалыптастыруға және әлеуетті нығайтуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және кәсіпкерлік секторда талаптарды орындаудың пәрменділігін арттыруға басты назар аударылады. Аймақтық деңгейдегі жұмыстың мақсаты озық тәжірибе алмасудың тиімді тетіктерін құру және кәсіпкерлік секторға кезігетін жалпы аймақтық және шекара аралық сыбайлас жемқорлық қатерлерін барынша анық түсінуге жәрдемдесу болып табылады. Ұлттық деңгейдегі жұмыс туралы айтсақ, онда тиісті елдердің жоғарыда аталған тақырыптық салалардағы нақты басымдықтарына басты назар аударылады және реформаларды жүргізуге арнайы көмек көрсетіледі.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА, АҚШАНЫҢ ІЗІН ЖАСЫРУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ АКТИВТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Бұл саладағы жұмыс сыбайлас жемқорлықтың, ақшаның ізін жасырудың және экономикалық қылмыстардың алдын алу мен күресу үшін билік органдарының, соның ішінде құқық қорғау органдарының тетіктері мен әлеуетін жақсартуға, сондай-ақ ақшаның ізін жасыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрестің ұлттық жүйелерін нығайтуға бағытталады. Бұл құрамдасқа аймақтық ерекшелігі аймақтағы нақты тәуекелдер мен қауіп-қатерге ерекше назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыс мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер үшін аймақтық каскадты оқу бағдарламалары кіреді. Ұлттық ерекшелік реформалардың ұлттық жағдайлары мен процестеріне қарай нақты қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды назарға алады.

Жаңалықтар

Back Introduction of Council of Europe Methodology on National Corruption Risk Assessment to the authorities of Kazakhstan

Introduction of  Council of Europe Methodology on  National Corruption Risk Assessment to the authorities of Kazakhstan

The Council of Europe organised on 20 June 2023 in Strasbourg a workshop with competent authorities of Kazakhstan. It aimed at introducing to the authorities of Kazakhstan the Council of Europe´s Methodology for conducting National Corruption Risk Assessment (NCRA).

The event gathered over 25 public officials from various institutions of Kazakhstan, including the Anti-corruption Agency, the General Prosecutor´s Office, the Office of the Presidency, the Supreme Court, the High Judicial Council, the Ministry of Finance, the Central Election Commission, the Ministry of National Economy, the Ministry of Finance.

The NCRA Methodology  was presented as a self-management tool for the national competent authorities to identify national sectors where corruption risks are most prominent. The Methodology is based on risk mapping, which allows to identify  and assess sectors, activities and functions with higher risk of corruption in each country. The identification of those risks and the risk factors can be instrumental in developing anti- corruption measures allocating anti-corruption mitigation resources more effectively or performing further in-depth corruption risk assessment with a focus on those priority areas.

The tools and procedures to be used in mapping corruption risks were also presented, including the complementarity of the quantitative and qualitative data that those sources provide.

This activity was organised by the Action “Promoting Transparency and Action against Economic Crime” of the Central Asia Rule of Law Programme 2020-2023, a joint initiative co-funded by the European Union and the Council of Europe and implemented by the Council of Europe.

Strasbourg (France) 20 June 2023
  • Diminuer la taille du texte
  • Augmenter la taille du texte
  • Imprimer la page