Back Қазақстан Республикасы судьяларының Еуропа Кеңесіне және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сотқа жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы судьяларының Еуропа Кеңесіне және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Сотқа жұмыс сапары

2024 жылғы 7-9 ақпанда бірқатар қалалардың және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, сондай-ақ Сот әкімшілігі мен Әділет министрлігінің өкілдері Еуропа Кеңесінің Страсбургтегі штаб-пәтерінде жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында қазақстандық делегация Еуропа Кеңесінің Еуропалық Судьялардың Консультативтік кеңесі, Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық Комиссиясы, Азаптаулар мен адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлаудың алдын алу жөніндегі Еуропалық комитет, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы, Адам саудасымен күрес жөніндегі сарапшылар тобы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы және Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссия сияқты Еуропалық Кеңес органдарының жұмысымен тікелей танысты.

Қатысушылар сонымен қатар адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың сот тәжірибесімен, өтініштерді қарау, шешімдер қабылдау және олардың орындалу тәртібімен жақынырақ танысу мақсатында барды.

8 ақпанда қазақстандық мамандар адам құқықтары саласындағы білім беру ресурстарының кең спектрін ұсынатын заңгер мамандығы үшін адам құқықтарын оқытудың Еуропалық бағдарламасымен (HELP) танысты. HELP курстары судьялардың халықаралық және Еуропалық Кеңес стандарттары туралы білімдерін ілгерілетуге және олардың күнделікті жұмысында осы стандарттарды қолдануға мүмкіндік беруге бағытталған.

Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықтың басқа да перспективалары, атап айтқанда 2023 жылғы 18 қазанда Еуропа Кеңесі Министрлер комитеті қабылдаған «Қазақстанмен тату көршілік ынтымақтастықтың 2024-2027 жылдарға арналған басымдықтары» аясында талқыланды.

Іс-шараны Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесі бірлесіп қаржыландыратын және Еуропа Кеңесі жүзеге асыратын 2020-2024 жылдарға арналған Орталық Азиядағы Заң үстемдігі бағдарламасының HELP Central Asia компоненті ұйымдастырды.

Страсбург, Франция 2024 жылғы 7-9 ақпан
  • Diminuer la taille du texte
  • Augmenter la taille du texte
  • Imprimer la page

Бізге қосылу
Бізге хабарласу