Back Орталық Азияда құқық үстемдігін орнату бойынша бағдарламасының Өңірлік басқару комитетінің екінші отырысы

Орталық Азияда құқық үстемдігін орнату бойынша бағдарламасының Өңірлік басқару комитетінің екінші отырысы

2023 жылғы 26-27 маусымда Орталық Азияда құқық үстемдігін орнату бойынша ЕО және Еуропа Кеңесінің Бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда, Астана қаласында өңірлік басқару комитетінің екінші отырысы ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – 2024 жылдың маусым айына дейін ұзартылған Бағдарламасының қалған бөлігінде жүзеге асыру жетістіктеріне қорытынды жасап, әлі де қандай жетістіктерге жетуге болатындығын түгендеу және Бағдарламаның тыс шеңберінде бірлесіп қандай іс-әрекеттер жасауға болатынын зерделеу болды.

Іс-шараға Орталық Азия елдерінен ұлттық серіктес институттардың 60-қа жуық өкілдері, соның ішінде мүдделі министрліктер, Конституциялық және Жоғарғы Соттар, Омбудсмендер, құқық қорғау органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдары және заңгерлерді даярлау бойынша ұлттық оқу орындары қатысты.

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кестутис Янкаускас; Еуропа Кеңесінің бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі директоры Клаус Нойкирх, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, Қырғыз Республикасының Франциядағы Елшілігі басшысының орынбасары Руслан Бекболотов, Тәжікстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің заң көмекшісі кеңсесінің кеңесшісі Сайфиддин Сороизода, Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілі Нозимбек Рустамбеков кіріспе сөз сөйледі.

Тек 2022 жылдың өзінде Бағдарлама Еуропа Кеңесінің адам құқықтары, заң үстемдігі және демократия саласындағы бірегей тәжірибесі мен құралдарын пайдалана отырып, 56-дан астам екіжақты және 7 аймақтық іс-шараны сәтті ұйымдастырды. Бағдарлама заңнамалық және саясаттық шолулар, мамандандырылған оқу материалдарын әзірлеу, заң және құқық қорғау саласындағы мамандардың әлеуетін арттыру бойынша іс-шаралар, тақырыптық конференциялар, хабардарлықты арттыру бойынша семинарлар және өңірлік алмасулар сияқты әртүрлі іс-шараларды қамтыды. Осы іс-шаралардың қатысу деңгейі мен қол жеткізілген нәтижелері Бағдарламаның Орталық Азиядағы серіктестер үшін өзектілігін айқын дәлелдейтіндігі туралы іс-шараның ашылуында Клаус Нойкирх белгіледі.

Клаус Нойкирх сондай-ақ «Еуропалық Одақпен бірлескен күш салу аймақтағы басқа да тиісті іс-шаралармен синергия мен үйлестіруді қамтамасыз ету үшін жалғасатынын» атап өтті.

Кестутис Янкаускас, бұл «бізге осы уақытқа дейін қол жеткізген прогреске негізделуге және сіз айтқан қажеттіліктерге жауап беруге мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді перспективада Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақ аймақтағы адам құқықтарын, заң үстемдігін және демократиялық басқаруды ілгерілету үшін аймақтың игілігі үшін бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырамыз» Бағдарламаның мерзімін 2024 жылдың маусымына дейін ұзарту туралы жариялады.

Қатысушылар 2020 жылы Орталық Азиядағы Заң үстемдігі бағдарламасы іске қосылғаннан бергі көптеген жетістіктерді құптап, келесі мәселелер бойынша өте нақты ұсыныстармен бөлісті:

  • бірыңғай құқықтық кеңістікті кезең-кезеңімен құруға байланысты жұмысты кеңейту және Орталық Азия елдері үшін ең өзекті болып табылатын Еуропа Кеңесінің конвенцияларын белсенді түрде ілгерілету;
  • заң мамандарына арналған адам құқықтары бойынша білім беру Еуропалық бағдарламасы (HELP) шеңберінде әзірленген бірегей оқу құралдары арқылы заң мамандарына (төрешілерге, прокурорларға, заңгерлерге) назар аудара отырып, адам құқықтары стандарттарын тиімді енгізуге қолдау көрсетуді жалғастыру;
  • сыбайлас жемқорлықтың және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатудың/терроризмді қаржыландырудың алдын алу және онымен күрес бойынша жұмыстарды жалғастыру;
  • Венеция комиссиясының қолдауымен заң үстемдігі қағидаттарына сәйкес сот билігінің тәуелсіздігі сияқты конституциялық реформалар мен қағидаттарды ілгерілету;
  • Ортақ қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша аймақтық әріптестік желілерді құруға жәрдемдесу.

Еуропалық Одақ және Еуропа Кеңесі заң үстемдігі, демократия және адам құқықтары қағидаттарына адалдығын растады; олар бұл жемісті ынтымақтастықты жалғастырады.

 

Редакторларға ескертпе

Орталық Азиядағы құқық үстемдігін орнату бағдарламасы (2020-2023) – Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесі бірлесіп қаржыландыратын және Еуропа Кеңесі жүзеге асыратын бірлескен аймақтық бағдарлама. Бағдарламаның негізгі мақсаты – еуропалық және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын, демократия мен құқық үстемдігін нығайту арқылы азаматтардың өмірін жақсарту. Бағдарлама әрбір жеке елдің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін тәсілге негізделген.

Бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды: (1) Еуропа мен Орталық Азия арасында ортақ құқықтық кеңістік құруға жәрдемдесу және адам құқықтарын қорғауды күшейту; (2) бизнестің ашықтығына жәрдемдесу және экономикалық қылмыспен күресу; (3) мемлекеттік институттар мен мемлекеттік басқарудың тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу.

Еуропа Кеңесі 46 мүше мемлекеті бар континенттегі жетекші адам құқықтарын қорғау ұйымы. Еуропа Кеңесіне мүше барлық мемлекеттер адам құқықтарын, демократияны және құқық үстемдігін қорғауға бағытталған адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияға қол қойды.

 

Контактілер

Амели Лепинар, Орталық Азиядағы құқық үстемдігі бағдарламасының үйлестірушісі

Адела Долту, Орталық Азиядағы құқық үстемдігі бағдарламасының коммуникациялар жөніндегі көмекшісі

Никола Франческетти, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің Бағдарлама менеджері

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

 


Image Gallery

Astana, Kazakhstan 28 June 2023
  • Diminuer la taille du texte
  • Augmenter la taille du texte
  • Imprimer la page

Бізге қосылу
Бізге хабарласу