Back Іс-шараларды ұйымдастыруға арналған халықаралық тендер

Іс-шараларды ұйымдастыруға арналған халықаралық тендер

Еуропа Кеңесі Орталық Азияда Заң үстемдігін Еуропалық Одақ/Еуропалық Кеңестің бірлескен бағдарламасы аясында іс-шараларды ұйымдастыруға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда логистикалық қолдау көрсету үшін қызмет жеткізушілерін іздейді.

Жеткізушілер Орталық Азияның бес елінде іс-шараларды ұйымдастыру үшін түрлі қызмет көрсетуге келісімшарттар жасасуға міндетті.

Қосымша ақпаратты әр ел үшін бөлек қатысу Актісі мен тендерлік құжаттаманы (тек ағылшын тіліндегі екі құжат) қараңыз:

Тендерлер Еуропа Кеңесіне электронды түрде жіберілуі керек. Ұсынылатын барлық қажетті құжаттар тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Электрондық көшірмелерді тақырып жолында Тендерлік құжаттаманың нөмірін көрсете отырып [email protected] адресіне жіберу керек. Кез келген басқа электрондық пошта адресіне жіберілген тендерлік өтінімдер рәсімнен шығарылады.

Тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2023 жылдың 13 маусым Орталық Еуропа уақытымен сағат 23:59 дейін.

Страсбург 2023 жылғы 23 мамыр
  • Diminuer la taille du texte
  • Augmenter la taille du texte
  • Imprimer la page

Бізге қосылу
Бізге хабарласу